arasha.kz

Президент: Квазимемлекеттік құрылымдар сияқты делдалдарды қолдан жасаудың қажеті жоқ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үкімет отырысында зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдану керектігін айтты.

«Экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдану керек. Бұл мәселеде салымшылар алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Қажет болса, Үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс. Осы маңызды жұмысқа  квазимемлекеттік құрылымдар сияқты делдалдарды қолдан жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай бұрын талай рет болған. Бұл іске тиісті сараптама жасай алатын және қажетті инфрақұрылымы бар екінші деңгейдегі банктерді белсенді түрде тарту керек», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол банктерді экономиканың нақты секторына қаржы құюға ынталандыру керектігін жеткізді.

«Үкімет пен Ұлттық банк өзара тығыз ынтымақтасып, бұл жұмысты бірлесе жүргізуге тиіс. Жалпы, Ұлттық банк инфляция үдерісі мен экономиканың өсімін бақылап отыруды көздейтін тиімді жалпымемлекеттік саясатты ұстануы керек», – деді ол.

Exit mobile version