26-08-24 |
4520 рет қаралған
Президент Жолдауында айтылған тапсырмалар қалай орындалып жатыр?.
Президент Жолдауында айтылған тапсырмалар қалай орындалып жатыр?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін енгізуді тапсырған болатын.

«Мен мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін енгізуді тапсырдым. Сатып алу үдерісі оңтайланып, қысқартылады, «баға емес, сапа» қағидатына басымдық беріледі, яғни, демпингке тиімді тосқауыл қойылады және үдерістер толық автоматтандырылады. Мемлекеттік сатып алу жүйесіне алғаш рет «басынан бақайшағына дейін» жасау тәсілі енгізіледі»,- деген еді президент.

Қазір президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалып жатқанын көріп отырмыз. Мәселен «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңға қол қойылды. Жаңа заңның негізгі мақсаты – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

Осыған байланысты Заңда мынадай шаралар көзделген:

  • Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер тізбесін кеңейту (жосықсыз өнім жеткізушілерді сатып алуға жол бермеу мақсатында);
  • Жеткізушіге қойылатын жаңа біліктілік талаптары (жұмыстарды орындау/қызмет көрсету орны бойынша материалдық/еңбек ресурстарының болуы, қызметкерлер алдында жалақы төлеуде берешектің болмауы және т. б.);
  • Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұлғайту (шарттық міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда тапсырыс беруші ұстап қалады);
  • Қоғамдық мониторингті енгізу;
  • Шағым беру тәртібін қайта қарау;
  • Сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және қысқарту;
  • Сатып алуда тауарлардың фирмалық атауларын 1000 АЕК дейін көрсету мүмкіндігі;
  • 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 500 АЕК-ке дейін, ауыл әкімдіктері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 4000 АЕК-ке дейін бір көзден сатып алу;
  • Сатып алу бойынша бірыңғай платформа құру.

Заң бастан аяқ жасау тетіктерін енгізуге қатысты нормалармен

толықтырылды (EPC-келісімшарттар).

Сыбайлас жемқорлық қаупін азайту және рәсімдерді автоматтандыру мақсатында 2022 жылдан бастап рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді. Бұл әдіс конкурстық комиссияның қатысуын болдырмайды және жеңімпазды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде портал автоматты түрде айқындайды.

Жеңімпазды автоматты түрде анықтауды ескере отырып, мұндай сатып алулардың қорытындылары шағымдануға жатпайды.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау тек қана рейтингтік-балдық жүйені пайдаланылатын конкурспен сатып алынады. 2024 жылғы 1 ақпанынан бастап техникалық қадағалау қызметтерін сатып алу да осы әдіске көшті. Жалпы, барлық сатып алуларды рейтингтік-балдық жүйені пайдаланылатын конкурсқа барынша көшіру жоспарланып отыр.

Шағымдарды қараудың жаңа тетігі енгізілді, сондай-ақ бақылаушы

органның рөлі қайта қаралды.

Заңға сәйкес қоғамдық бақылау субъектілері веб-портал арқылы және ондағы ақпарат негізінде «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қоғамдық мониторинг жүргізе алады.

Отандық өндірісті қолдау мақсатында отандық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі және офтейк-келісімшарттарды қолдана отырып, тауарларды кепілді сатып алу тетігі енгізілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.