26-01-21 |
1140 рет қаралған
Прокуратура шаруалар қолданбаған жайылымдық жерді қайтаруы тиіс.
Прокуратура шаруалар қолданбаған жайылымдық жерді қайтаруы тиіс

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жер кодексінің кейбір нормаларына жарияланған мораторийдің биыл аяқталатынын хабарлады. Осыған байланысты Үкіметке Жер комиссиясының жұмысын қайта жандандыруды және қараша айына дейін түзетулерді қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Aқорда мәліметінше, ұсыныстар байыппен талқыланып, нақты шешім қабылдануы тиіс.

«Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын. Оны ауыл тұрғындарының игілігіне берген жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жергілікті әкімдіктердің жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отырғанын сынға алды. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда.

Қ Тоқаев Алматы, Түркістан облыстарынан арыз-шағымдар көп түсетінін атады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.