arasha.kz

Психикалық ауруы бар адам көлік жүргізген – прокуратура

Абай облысында прокурорлар көлік жүргізуге құқығы бар психикалық ауруға шалдыққан адамды анықтаған.

Үржар ауданының прокуратурасы әрекетке қабілетсіз адамның жарамды жүргізуші куәлігі бар екенін анықтады, бұл қоршағандарға қауіп төндіреді.

Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі- медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізушінің денсаулығының нашарлауы болып табылады.

«Аудан прокуратурасы қабылдаған шараларымен әрекетке қабілетсіз адам көлік жүргізу құқығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Exit mobile version