Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда.
Үкімет Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Жұмыс істеп тұрған мектеп осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі болып саналады. Ғимарат 1981 жылы салынды, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ.
Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды.
Бұған дейін Үкімет бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында Зеренді ауылында (Ақмола облысы) спорт кешені, Темірлан ауылында (Түркістан облысы) музыка мектебі, Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт орталығы, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығы, Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Жамансор ауылында (Атырау облысы) мектеп, Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысын аяқтау, сондай-ақ Шымкентте «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» кешеніндегі жатақхана құрылысы секілді жобалар бар.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024