arasha.kz

Қарин: Жолдауда халықты алаңдатқан мәселелер айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі бастамалары оның бұған дейінгі жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алғандарды одан әрі дамытуға арналды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі Ерлан Қарин айтты.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикилық өзгерістерге баса назар аударған. Президент атап өткен барлық тоғыз басымдық мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті орындауға жұмылдырады.

«Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін жетімді неси беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамсыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтеуге болады», – деді ол.

Одан бөлек Президент қоғамда бір жыл бойы талқыланып жатқан Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумды өткізу күнін белгіледі. Бұл референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының және Әділетті Қазақстан идеисының жүзеге асырылып жатқанының тағы бір айқын дәлелі.

«Мемлекет басшысы халықты алаңдатып отырған бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталды. Оның ішінде интернет-алаяқтық, жол апаттары, әскердегі тәртіп, наркобизнеске қарсы күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын орта бизнес саласын шектен тыс мемлекеттік бақылау, ауыл шаруашылығы статистикасын бұрмалау сияқты түйткілдері бар. Жолдаудағы көптеген әлеуметтік-экономикалық бастамалар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырыстарында айтқан идеологиялық тұжырымдардың іс жүзінде жүзеге асырылуының көрінісін атап өткен жөн», – деді мемлекеттік кеңесші.

Президент Жолдауын жариялауға арналған жиынға депутат, министр және әкімдер ғана емес, түрлі салада қажырлы еңбегімен дараланған жұмысшылар, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың және аймақтық қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты. Бұл тәжірибе жаңа саяси дестүрге айналып келеді.

Сондай-ақ ол бұл Жолдау көптеген күнделікті міндеттерді шешу және елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету жолдарына арналғанын атап өтті.

Exit mobile version