27-11-23 |
1060 рет қаралған
«Қазақмыста» тағы екі кенші қаза болды.
«Қазақмыста» тағы екі кенші қаза болды

«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылғы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлады.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда – делінген компания таратқан ақпаратта.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Естеріңізде болса, бұған дейін Жезқазған өңірінде бір кеншінің қаза болғаны туралы хабарлағанбыз.

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.