Қазақстанда бағасы 3миллион теңгеден аспайтын көлік жасалмақ. Бүл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының прещиденті Андрей Лаврентьев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтқан.
– Үкіметпен жасалған келіссөз және тапсырмаларға сәйкес, автосалондағы құны 3 миллион теңгеден аспайтын эконом әрі арзан көлік шығару жөнінде жаңа тапсырма бар. Қосымша несиелендіру, лизинг жасалатын бағдарламалар жасалады. Біз 3 миллион теңгеден аспайтын көлік моделін таптық, – деген Андрей Лаврентьев.
Қазақстанда қазір бірнеше көлік түрлері құрастырылады. Лаврентьевтің айтуынша, көлік өндірісінің өсімін жылына 100 мың машина шығаратындай дәрежеге жеткізуге болады.