arasha.kz

Қазақстан автокөлік нарығындағы қазір жағдай қандай?

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректері бойынша 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 5,09 млн автокөлік құралы тіркелген. Олардың 88%-ы немесе 4,47 млн-ы жеңіл автомобильдерге, 10%-ы жүк автомобильдеріне (507,5 мың), 2%-ы автобустарға (105,5 мың) тиесілі.

2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда Қазақстанда жеңіл автомобильдердің саны 16,5%-ға өсті. Ең үлкен 41,4%-ға өсім Түркістан облысында тіркелді. Сондай-ақ жоғары көрсеткіш Ақтөбе (34,8%-ға) және Батыс Қазақстан облыстарында (30,5%-ға) тіркелді.

ҰСБ-ның деректері бойынша, жыл басынан бері (1 қыркүйекке дейін) елдегі жеңіл автомобильдер санының өсуі 14,4%-ды құрайды, бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы нәтиже болып табылады. Тарихи деректер нарықта ұзақ уақыт тоқыраушылық болғанын көрсетеді: 2015 жылдан 2021 жылға дейін жеңіл автомобильдер санының орташа жылдық төмендеуі -0,7%-ды құрады. Толыққанды өрлеу тек 2022 жылы басталды. Сол кезде өсім 2,9%-ды құрады. Соңғы 10 жылда осындай өсімге жақын үздік нәтиже 2014 жылы ғана болды, ол кезде жеңіл автомобильдер нарығы 8,7%-ға өсті. Бұл жерде 2014 жылдың соңынан 2016 жылға дейін болған мұнай нарығының құлдырауын ескерген жөн.

2023 жылғы 9 айда көрсеткіштер айтарлықтай өскен. Бұл жерде нарықтағы ең үлкен белсенділік маусымдық түрде қараша айында пайда болатыны ескерілмеген. Автомобильдер санының 20%-дан астам өсімі әсіресе Ресей Федерациясымен шекараға жақын облыстар – Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

10 жыл ішінде (2013 жылдан 2022 жылға дейін) Қазақстанда жеңіл автомобильдердің саны 6,3%-ға өсті. Ең жоғары көрсеткіш 2014 жылы, яғни елімізде жеңіл автокөлік саны дәлме-дәл 4 млн болған кезде болды. Содан кейін көрсеткіш төмендеді және тек 2023 жылы, яғни жеңіл автомобильдер санының қарқынды өсуі байқала бастаған кезде ғана бұл деңгейге қайта көтерілді. 2023 жылғы 9 айды ескере отырып, толық емес 11 жылдағы өсім (2013 жылдан бастап) қазірдің өзінде 21,6%-ды құрайды.

 Жан басына шаққандағы автомобильдердің саны

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша халықтың жеке меншігінде жеңіл автомобильдермен қамтамасыз етілуі 100 адамға шаққанда 22,5 автокөлікті құрады. Салыстырмалы түрде АҚШ-та бұл көрсеткіш 90.8 (2023 жылы), Еуропада – 57 (2021), ал көрші Ресейде – 39,5 (2022) құрайды. Гватемала (2020 жылы 23,7), Гондурас (2020 жылы 22) және Қытай (2022 жылы 22,1) сияқты елдер Қазақстанға жақын көрсеткіштер көрсетті.

5,5 жыл ішінде елдегі автомобильдендіру деңгейі 1,47 бірлікке немесе 6,6%-ға өсті. Ол 2019 және 2022 жылдары айтарлықтай төмендеді, бірақ 2023 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығындағы кезеңде айтарлықтай өсті. 2022 жылғы қаңтарға дейінгі статистика жеке пайдаланудағы жеңіл автомобильдерді ғана емес, сондай-ақ барлық жеңіл автомобильді де ескереді.

Бес жыл ішінде автомобильдендіру деңгейі көбінесе Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында өсті. Ең аз өсім Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тіркелді. Бес өңірде автомобильдендіру деңгейі төмендеді. Бұл – Ақмола (-0,16), Атырау (-0,92) және Маңғыстау (-0,96) облыстары, Астана (-0,23) және Алматы (-0,75) қалалары. Халық саны 1,2 млн адамды құрайтын республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие Шымкент қаласының жеке автомобильдермен қамтамасыз етілу көрсеткіші салыстырмалы түрде төмен екенін атап өту қажет. Бұл фактор қарқынды өсу үрдісімен бірге Шымкентті автомобильдер сату саласындағы ең тартымды бағыттардың біріне айналдырады.

Exit mobile version