arasha.kz

Қазақстан халқы кредитті көп алатын болған

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы сәуірде 1,2%-ға ұлғайып, 17,8 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 6,4%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,4%-ға 11,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,6%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,4 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,4%-ға 29,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 4,2%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 1,1%-ға 26,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 5,0%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 92,1%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы сәуірде 1,8%-ға 11,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 0,9%-ға өсу). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 1,4%-ға 9,6 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 1,0%-ға төмендеу). Оның ішінде ШОБ субъектілеріне қарыздар 1,0%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін, ірі бизнеске қарыздар 1,8%-ға 4,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда 4,3%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 12,7%-ға өсу).

2024 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне 1,5 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы сәуірмен салыстырғанда 13,1%-ға артық (2024 жылдың басынан бері 5,4 трлн теңге берілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға артық).

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы сәуірде 1,2%-ға ұлғайып, 17,8 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 6,4%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,4%-ға 11,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,6%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.

2024 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,5%-ды (2024 жылғы наурызда – 19,3%), халыққа қатысты – 19,8%-ды (2024 жылғы наурызда – 19,1%) құрады.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,1%-ын немесе 959 млрд теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 864 млрд теңге).

Бизнес берілген кредиттер бойынша NPL90+ қарыздарының деңгейі 2,3%-ды немесе 286 млрд теңгені, халыққа берілген кредиттер бойынша – 3,8%-ды немесе 672 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 72,7%-ды құрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).

Exit mobile version