Президент Тоқаевтың сөзінен кейін құрылған «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылар тізімі жария болды. Бұған дейін қор төрағасы болып, бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев тағайындалған болатын.
Қамқоршылық кеңес құрамы:
Пя Юрий Владимирович – «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
Аружан Саин– ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Милосердие» ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры;
Бахыт Мәдениетқызы Байғалиева – «ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;
Саида Жанәбілқызы Тәуекелова – «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;
Эльмира Айташқызы Алиева – «Help Today» ҚҚ төрайымы;
Ләззат Алтынбекқызы Шығысбаева – «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;
Трифонов Владислав Вячеславович – «Жизнь без границ» ҚБ;
Смирнова Ирина Владимировна – ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері;
Роза Айтжанқызы Сүлейменова – «САТР» ЖШС бас директоры;
Алмаз Ержан – қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;
Ораз Алиұлы Жандосов – «Ракурс» экономикалық анализ орталығының директоры, экономист;
Олжас Әбдімәлікұлы Құдайбергенов – «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі;
Арманжан Мерекеұлы Байтасов – «Tan Media Group» иесі, меценат;
Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов – ҰҚП «Атамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.
Юрий Пя «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
«Қамқоршылық кеңес тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы болып табылады. Кеңес қордың негізгі қызметі мен міндеттерін анықтайды, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады»,-делінген қордың баспасөз қызметі аратқан ақпаратта.