Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Тәжікстан Премьер-Министрінің орынбасары Усмонзода Усмоналимен және Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары Манучехр Сафарзодамен энергетикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы тәжік тарапының электр энергетикасындағы ынтымақтастық ниетін қанағаттанушылықпен атап өтті.
Тараптар 2023 жылы 2023-2032 жылдары «Рогунская ГЭС» ашық акционерлік қоғамы өндіретін электр энергиясын жеткізу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
«Меморандум шеңберінде Өзбекстан Республикасының электр желілері бойынша электр энергиясын транзиттеудің техникалық мүмкіндігі мен келісілген режимдерінің болуын ескере отырып, Рогунск ГЭС-тен Қазақстанға электр энергиясының ықтимал экспортының техникалық параметрлері мен коммерциялық шарттарын қарастыру жоспарланғанын қанағаттанушылықпен атап өтемін», – деп атап өтті А.Сәтқалиев.
Тараптар 2024 жылғы 15 қазанға дейін Орталық Азия елдерінің мүдделі ұйымдарымен іргелес мемлекеттердің энергия жүйелері арасындағы электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеуге шарттар жасасу мүмкіндігін пысықтауға келісті.