Бұл туралы Үкімет отырысында елдің премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді.
«Жақын арада Алматы облысында бірінші АЭС салу бойынша қажетті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ, екінші және үшінші АЭС-тің ықтимал құрылыс орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталып қалды», — деді Бектенов.
Оның айтуынша, жақын уақытта Алматы облысындағы бірінші АЭС құрылысын бастауға қажетті келісімдер жасалады. Екінші және үшінші АЭС-ті салу үшін аймақтарды талдау аяқталуға жақын.