arasha.kz

Қазақстанда ең қымбат шаш қию қызметі Алматыда тіркелді

2024 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы әйелдер шашын қию қызметінің орташа бағасы 3944 теңгені құрады. Бұл туралы статистика бюросы хабарлады.

Аймақтар бойынша ең жоғары орташа баға Алматыда тіркелген – 6066 теңге, ең төменгі баға Семейде – 2500 теңге. Басқа қалаларда шаш қию құны 2,7 мыңнан 4,8 мың теңгеге дейін барады.

Ерлер шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдермен салыстырғанда сәл арзан болып, 2604 теңгені құрады. Алматыда ерлердің шаш қиюы орташа есеппен 3601 теңге тұрады, ал Оралда – 1795 теңге. Басқа қалаларда бағалар 1,9 мыңнан 3,4 мың теңге аралығында.

Жалпы алғанда, жылдық мәнде (2024 жылғы желтоқсан 2023 жылғы желтоқсанға қарағанда) шаштараз бен сұлулық салондарының қызметі 11,6% өскен.

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 49,2 млрд теңгені құрады.

Exit mobile version