09-09-24 |
4250 рет қаралған
Қазақстанда міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петиция басталды.
Қазақстанда міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петиция басталды

Маңғыстаудағы полигонда сарбаздың бетінен оқ атылған соң, қазақстандықтар елдегі міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петиция құрды.

Белсенділер Қазақстанда міндетті әскери қызметтің жойылуын талап етіп отыр. Петиция e-Petition сайтында жарияланды.

Белсенділер құжатты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жолдап үлгерген.

Құжат авторлары бұл қайғылы оқиғалар қазіргі әскери қызмет жүйесіндегі кемшіліктерді көрсетті деп санайды. Авторлар негізгі проблемалардың бірі – армиядағы жарғысыз қатынас және әлімжеттік деп санайды.

Әскери қызметке шақырылған жас жігіттер жоғары қызметтегілердің зорлық-зомбылығы мен қысымына жиі ұшырайды, бұл психологиялық жарақатқа, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға дейін апарады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.