03-06-24 |
4730 рет қаралған
Қазақстанда қанша бала бар?.
Қазақстанда қанша бала бар?

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі балалар саны – 6 841 527. Оның ішінде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала. Балалардың 59,7% қалалық жерде тұрады. Бұл туралы статистика бюросы мәлімдеді.

Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында – халықтың 43,3% 18 жасқа дейінгі балалар, одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%).

Өңірлер бөлінісіндегі 18 жасқа дейінгі балалар саны:

Абай обл. – 188 321

Ақмола обл.  – 223 493

Ақтөбе обл.  – 330 877

Алматы обл.  – 556 114

Атырау обл.  – 274 688

БҚО – 217 427

Жамбыл обл.  – 465 492

Жетісу обл.   – 245 056

Қарағанды обл.  – 317 101

Қостанай обл.  – 206 584

Қызылорда обл.  – 335 399

Маңғыстау обл. – 329 613

Павлодар обл. – 205 030

СҚО – 126 424

Түркістан обл. – 927 107

Ұлытау обл.  – 75 506

ШҚО – 182 714

Астана – 472 070

Алматы – 665 430

Шымкент – 497 081

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.