arasha.kz

Қазақстанда қазақ тілін білетіндер саны 11% азайған

Ел халықының мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде меңгергенін анықтау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті жыл сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Осы зерттеудің қорытындысы бойынша 2023 жылы қазақ тілін меңгерген ҚР халқының үлесі 92%-дан 81%-ға дейін төмендегені белгілі болды, деп жазды Ranking.

Қазақ тілін толық меңгеру үшін қанша қаражат керек? Соған қатысты бірнеше нұсқамен бөлісеміз.

Бірінші нұсқа: тегін. Ірі қалаларда, облыс орталықтарында тегін курстарға қатысуға болады. Әдетте, мұндай курстарды мемлекет қаржыландырады. Тіл үйренуші топтар кітапханаларда, мемлекеттік тіл орталықтарында білім алады. Балама нұсқасы да бар — қазақ тілін ерікті топтардың бастамасымен немесе демеушілердің есебінен жұмыс істейтін жеке клубтарда үйренуге болады.

Екінші нұсқа: топ болып үйрену. Төменде көрсетілген кестеде Қазақстанның бірнеше ірі қалаларындағы баға туралы ақпаратты ұсынып отырмыз. Бұл мәліметті қазақ тілін оқытатын тіл мектептері мен орталықтардың сайттарында берілген ашық деректер бойынша жинадық. Алматыда 12 сабақтан тұратын курстың ең төменгі құны — 15 мың теңге. Ай сайынғы абонементтің орташа бағасы 20 мың теңге болса, ал максималды бағасы 32 мың теңгені құрайды.

Айта кетерлігі, деректерді іздеу барысында еліміздің кейбір облыстарындағы тіл орталықтары арасында бәсекелестік төмен екені белгілі болды. Мұны жеке мектептердің маркетингтік белсенділігі арқылы анықтауға болады: олар өздері туралы толық ақпаратты агрегаторларда жарияламайды, өз сайттарын құрмайды, әлеуметтік желілерді жүргізбейді.

Үшінші нұсқа: онлайн немесе офлайн түрде репетитордан жеке сабақ алу. Оқыту форматына байланысты баға да әртүрлі болады. Қашықтан оқытылатын бір сағаттық сабақ үшін ең аз дегенде 1,1 мың теңге төлеу қажет. Аптасына үш сабақ кестесі бойынша айына 13,2 мың теңге төлеу керек. Егер сіз тәлімгермен офлайн режимінде сөйлескіңіз келсе, мұндай маманды кез келген жарнама агрегаторы арқылы немесе тіл орталығынан таба аласыз. Жеке репетитормен бір сағаттық сабақтың орташа бағасы — 2,5 мың теңге, 12 сабақ үшін 30 мың теңге. Ең қымбат нұсқа — тіл орталығының оқытушысынан жеке сабақ алу. Ірі қалаларда мұндай сабақтардың құны орта есеппен 5 мың теңгені құрайды, ең қымбат баға — бір сабақ үшін 14 мың теңге. Демек, тіл орталығында қазақ тілі бойынша жеке сабақтардың ең жоғары құны айына 168 мың теңгені құрайды.

Халықтың мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде меңгергенін анықтау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті жыл сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Осы зерттеудің қорытындысы бойынша 2023 жылы қазақ тілін меңгерген ҚР халқының үлесі 92%-дан 81%-ға дейін төмендегені белгілі болды. Тілді білу деңгейі бойынша көрсеткіштер әртүрлі. Сауалнамаға қатысқандардың тек 48,7%-ы мемлекеттік тілде еркін сөйлейтіндерін айтты. Ал 18,5%-ы еркін сөйлейтінін және оқитынын атап өтті, бірақ жазбаша тұстары әлсіздеу екенін баяндады. Тағы 7%-ы сөз тіркестерін түсінеді, ойын Абай тілінде түсіндіре алады, ал 6,8%-ы қазақ тілін түсінеді, бірақ сөйлемейді.

Енді Қазақстандықтардың басқа тілдерді қаншалықты білетінін көрейік. Сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстан халқының 90,5%-ы орыс тілін, 29%-ы ағылшын тілін, респонденттердің 29%-ы бірден үш тілді меңгерген. 2024 жылғы зерттеулер әлі аяқталған жоқ.

Қазақстанда мемлекеттік тілді дамыту мәселесі 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясаты тұжырымдамасымен айқындалады. Оны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің профильдік комитетінің мамандары әзірледі. Бұл құжатта еліміз бес жылдан кейін қол жеткізуі тиіс бірнеше нысаналы индикаторлар берілген. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 84%-ға жетуі керек. «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін В2 деңгейінде білетін мемлекеттік қызметкерлердің үлес салмағы бес пайыздық тармаққа артып, 41%-ды құрайды. Ұлттық компанияларда, холдингтерде және мемлекеттік қызмет көрсететін түрлі ұйымдарда еңбек ететін, В1 деңгейінде қазақ тілін білетін қызметкерлердің үлесі 43%-ға дейін өсуі тиіс.

Тілдік жоспарлауда жазбаша тілдің кириллицадан латын әліпбиіне ауысуына ерекше назар аударылуда. Авторлар бұл процестің жылдам болмайтынын түсінеді, сондықтан нақты бір қатаң мерзімдер белгіленбеген. Сондай-ақ тұжырымдамада айтылғандай, қазақ әліпбиі мен емле ережелері тиісті нормативтік құжаттармен әлі бекітілмеген. Бұл уақытты қажет етеді. Қазір 2027 жылдың соңына қарай латын әліпбиіне көшу жоспарында «жазбаша коммуникацияға қатысушыларды» кемінде 5%-ға жеткізу. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 15%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

Exit mobile version