29-02-24 |
5230 рет қаралған
Қазақстанда тұрғын үй қоры 3,4%-ға өсті.
Қазақстанда тұрғын үй қоры 3,4%-ға өсті

2023 жылы Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2022 жылмен салыстырғанда 3,4% өсіп, 419,1 млн м2 құрады.

Оның ішінде:

Қалалық аумақта – 274,5 млн м2

Ауылдық жерлерде – 144,5 млн м2

Тұрғын үй қорының ауданы бойынша Алматы қаласы (54,8 млн м2), Түркістан облысы (34,3 млн м2) және Астана (33,8 млн м2) көш бастап тұр.

Қазақстанда барлығы 2 527 809 тұрғын үй бар. Тұрғын үй түрлері бойынша жеке тұрғын үйлердің жалпы саны 2 219 826 бірлікті құрады, оның 40,6% – қалалық, 59,4%  –  ауылдық жерлерде. Көппәтерлі үйлердің саны 307 983 бірлікті, ал ондағы пәтерлердің саны – 5 891 573 бірлікті құрады.

Тұрғын үйлердің қызмет ету мерзімі бойынша тұрғын үй қорының 29,3% астамы 1970 жылға дейін пайдалануға берілген, 1971-1990 жылдары тағы 26,3%, 1991-2010 жылдары 23,4%, 2010 жылдан кейін қалған 19,5% (1,5% тұрғын үйдің іске қосу деректері жоқ).

тұрғын үй-жайлардың (пәтердің) жалпы алаңының, сонда тұратын адамдардың  санына қатысы ретінде айқындалатын бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 2023 жылы 23,9 м2 құрады, бір жыл бұрын ол 23,4 м2 болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.