Қазақ тілін үйренген америкалық турист Қазақстанның ірі қалаларындағы мейрамханаларында болғанын және онда қазақ тілінде қызмет көрсетпегенін айтып шағымданды.
Оның айтуынша, тіптен ұлттық мейрамханаларда да даяшылар тек орысша қызмет көрсетіп, қазақша білмейтіндерін айтқан.
«Осы аптада мен Алматыда болдым. Көп мейрамхана мен кафеге бардым. Барған жерімнің бәрінде мен тек қазақ тілінде сөйлеймін. 18 мейрамханың тек бесеуі ғана менімен қазақ тілінде сөйлесті. Мен қазақша сөйлесем де олар маған орыс тілінде жауап берді. Мен үш жыл бойы қазақ тілін үйрендім. Бірақ Қазақстанда қазақ тілінде сөйлесе алмай қор болдым, сонда мен қазақ тілін не үшін үйрендім?», – дейді шетелдік.
Сонымен қатар ол Астанада да мейрамхана даяшылары орыс тілінде сөйлейтінін айтады.
«Менің түрім орысқа ұқсас, сосын менімен орысша сөйлесіп жатқанын түсіндім. Бірақ қазақ тілінде сөйлей басқағанда ғана қазақшаға ауысады. Бірақ Алматыда олай емес, мен таңқалдым», – дейді ол.
Шетелдік сондай-ақ қай мейрамханалар тек орысша жауап қатқанын тізіп көрсетті. Оның ішінде ұлттық мейрамхана да барын айтып, бұның масқара жағдай екенін жеткізді.
«Мен не үшін қазақша үйрендім. Олар қазақша қызмет көрсетпейді. Бұл әділетсіз. Мейрамханадан шыққан сңо мен жыладым», – дейді америкалық қонақ.