Қазақстанда ұлттық құрылтай – жалпыұлттық диалог алаңы құрылмақ. Мұндай бастаманы президент Тоқаев көтерген. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин хабарлады.
Құрылтай құрамына аймақтардағы қоғамдық кеңестерден бір адамнан, парламент депутаттары, қоғам белсенділері және сарапшылар кірмек.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, ұлттық құрылтай ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жалпыұлттық деңгейдегі алаңға айналғанын көрсетеді.
2019 жылы құрылған кеңес саяси реформалар бастамасын көтеруде, талқылауда өз қызметіне көрсетті.