arasha.kz

Қазақстанда жүрген 15 мың мигранттың төрт мыңға жуығы қытай азаматы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 15 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етеді.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, еңбек миграциясы бойынша негізгі елдер қатарында Қытай – 3 784 адам, Ұлыбритания – 1 996 адам, Түркия – 1 985 адам, Үндістан – 1 182 адам, Өзбекстан – 1 138 адам бар. Бұл туралы Sputnik  Қазақстан жазды. 

«2021 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 15 527 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асырып жүр», – делінген ақпаратта.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар:

Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар – 7 748 адам) және төртінші (білікті жұмысшылар – 735 адам) санаттарға жатады.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 134 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 2 057 адам тартылған.

«Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 261 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 460 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ін құрайды», – деп хабарлады министрлік.

Айта кетері, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді.

2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ті немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Exit mobile version