18-02-25 |
980 рет қаралған
Қазақстандық блогерлер өз кірістерін 53 млрд теңгеге кем көрсеткен.
Қазақстандық блогерлер өз кірістерін 53 млрд теңгеге кем көрсеткен

Елдегі 600-ге жуық блогер өз кірістерін 53,3 млрд теңгеге аз көрсеткен. Бұған дейін қазақстандық блогерлер салықтың тым жоғары екеніне шағымданған болатын, алайда салық органдары мемлекеттік бюджетке қомақты қаржы түспегенін мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мамандар кіріс көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарды анықтаған.

«594 азамат бойынша анықталған айырмашылықтар 53,3 млрд теңгені құрайды, осыған байланысты 13-14 ақпан аралығында блогерлерге «кірісті төмен көрсету» бұзушылығы бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді», – делінген комитеттің хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.