29-07-24 |
7830 рет қаралған
Қазақстандық кеншілердің зейнет жасын төмендету керек – профессор.
Қазақстандық кеншілердің зейнет жасын төмендету керек – профессор

Торайғыров атындағы Павлодар университетінің биология және экология кафедрасының профессоры, техникалық ғылымдар кандидаты Марат Омаров маңызды зерттеуге сүйеніп отыр.

Шетелдік ғалымдардың соңғы зерттеулері кеншілердің зейнет жасын небәрі 1 жылға көтерудің өзі кәсіпте мүгедектігі барлар санын 10%-ға арттыратынын көрсеткен.

– Бұл бұрыннан қордаланған мәселе. Шешімді талап етеді, ал шешім үшжақты болуға тиіс: саяси, әлеуметтік және экономикалық.

Кеншілердің зейнет жасын 1 жылға көтеру мүгедектігі барлар санын 10%-ға, 2 жыл қосылса – 15%-ға, 3 жылға көтеру тіпті 25%-ға дейін арттырады. Сондықтан зейнет жасын бір, екі және үш жылға біртіндеп төмендету керек. Бұл мәселеде сараланған тәсіл қолданылып, жұмысшының атқаратын қызметі ескерілуге тиіс.

Осыдан жарты ғасыр бұрын кеншілер жер астына түскен адамның қайта шығуы екіталай екенін айтқан. Әлі де жағдай сондай. Жаңа Қазақстанда осыны ескеріп, мәселеге жаңа көзқараспен қарау қажет, – дейді сарапшы.

Маусым айында Е-petition.kz сайтында кеншілердің зейнетке шығу жасын 50-ге дейін төмендетуді көздейтін «Қорғау» көміршілер кәсіподағының үндеуі жарияланды. Петицияны еңбек құқығын қорғайтын «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры қолдады.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстанның өңірлеріндегі барлық жанашыр азаматтарды петицияны қолдауға шақырады

https://epetition.kz/petition/742b851a-ec1d-4ddc-ae1e-e04bf392d16a?commentPage=0
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.