25-04-24 |
3440 рет қаралған
Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады.
Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады

Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда нан мен жарма, балық пен теңіз және май мен тоңмайдан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды.

Өткен кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Атырау, Ақмола, Жетісу облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды.

2023 жылы халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша айына орташа алғанда тұтынуы:

картоп – 3,7 кг

нан, І сұрып – 2,4 кг

сиыр еті – 2,1 кг

алма – 1,6 кг

құмшекер – 1,5 кг

күріш – 1,3 кг

сүт – 1,1 л

айран – 1 л

жұмыртқа – 16,8 дана

макарон – 0,9 кг

жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг

қара шай – 0,1 кг

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.