01-02-24 |
6960 рет қаралған
Қазақстандықтар көбіне қандай әлеуметтік желі арқылы байланысады?.
Қазақстандықтар көбіне қандай әлеуметтік желі арқылы байланысады?

Қоғамдық саясат институтының  сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтардың 97,7% әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 3,6 пайыздық тармаққа өскен. Ең жиі қолданылатын әлеуметтік желі статусын 2 жыл қатарынан Whatsapp иемденіп келеді (86,2%). Instagram-ды пайдаланушылар үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 5,3 п.т. азайғанына қарамастан, YouTube бірге рейтингтің үштігіне кірген (сәйкесінше 67,9% және 63,5%).

Екі жыл ішінде Tik-Tok-тың пайдаланушылар үлесі 39,1%-ға (+10,9 п.т.) дейін артып Facebook-ті ТОП-5 ығыстырды, ал ВКонтакте (-11,2 п.т.) және Telegram (-7,5 п.т.) желілері керісінше, аталған кезең ішінде өзінің пайдаланушылар үлесін жоғалтқан.

Қазақстандағы әлеуметтік желінің негізгі пайдаланушылары 18-35 жас аралығындағы жастар. Бұл жас аралығындағы азаматтар арасында Instagram (77,5%), Tik-Tok (48,7%) және Telegram (42,6%) желілері салыстырмалы түрде кеңірек тараған. 45 жастан жоғары азаматтар арасында Одноклассники (14,6%) желісі әлі де сұранысқа ие.

Қала және ауыл халқы арасында әлеуметтік желі пайдаланушылар үлесінде айырмашылық тек YouTube желісінде байқалады. Осы платформаны пайдаланушылар үлесі қалалықтар арасында басымырақ, бұл қалалардағы интернет жылдамдығының жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін (67,3% қарсы 57,2%).

Statista  интернет-порталының деректері бойынша, 2022 жылы әлемде әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны 3,96 миллиардқа жетті және бұл көрсеткіштің әлі де өсуі күтілуде. Болжамдарға сәйкес, 2028 жылға қарай Қазақстанда әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатындардың үлесі жалпы халықтың 90,2%-ын құрайтын болады.

Зерттеу 2023 жылдың 11-30 қыркүйек аралығында жүргізілді

Іріктеу: 18 жастан асқан 8000 респондент (17 облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары)

Іріктеу қателігі: ±1,19%.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.