arasha.kz

Қазақстандықтар жамағатпен намаз оқи алады

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Қаулығы сәйкес 3 мамырдан бастап діни орындарда ашық аспан астында жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат етілді. 

Мешіттерде, шіркеулер мен басқа да діни орындарда ұжымдық діни іс-шаралар маска режиміне және төрт метр әлеуметтік арақашықтық сақтай отырып өтілуі тиіс. 

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының бірінші күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, ел мұсылмандары жұма намазын асыға күтетіндігін айтты.

Содан кейін мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, мешіттер көп ұзамай құлшылық ету үшін ашатылатынын айтқан болатын.

Exit mobile version