arasha.kz

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 165 млрд доллардан асты

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 1 қаңтарға арналған елдің сыртқы қарызы бойынша алдын ала бағалауды жариялады.

Бұған дейін сыртқы қарыз туралы есептік деректер есептік тоқсан аяқталғаннан кейін 90 күн өткен соң жарияланатын. Енді оларға қосымша ретінде Қазақстан Республикасының сыртқы қарызының алдын ала бағалауы да жарияланатын болды.

Ұлттық банктің алдын ала деректері бойынша, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 165 млрд 630 млн долларды құрады. Оның ішінде:

12 млрд 724 млн доллар – мемлекеттік басқару органдарына тиесілі,

2 млрд 470 млн доллар – ҚР Ұлттық банкінің үлесі,

13 млрд 265 млн доллар – басқа банктердің қарызы,

91 млрд 658 млн доллар – тікелей инвестициялар (корпоративтік берешек),

45 млрд 513 млн доллар – өзге секторлардың қарызы.

2025 жылғы 1 қаңтардағы есептік сыртқы қарыз жөніндегі толық есеп 2025 жылғы 31 наурызда жарияланады.

Сыртқы қарыз – бұл резиденттердің резидент еместер алдындағы өтелмеген міндеттемелері, олар негізгі қарызды және/немесе пайыздарды төлеуді талап етеді.

Exit mobile version