arasha.kz

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Қазақстанның қанша мемлекеттік қарызы бар? Бұл туралы Қаржы министрі айтып берді деп жазды Tengrinews.kz.

Министр такиевтің айтуынша, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңгені құраған.

«ЖІӨ-ге айырмасында бұл 22,8 пайыз. Бізде әлі де шектеу бар. Жалпы, лимит 32 пайыз болып белгіленген, бұл қауіпсіз деп саналады. Біз үшін бұл 22 пайыз», – деді шенеунік.

Мемлекеттік қарыз – бюджет тапшылығын жабу үшін үкіметтің қаржылық қарыз алуының әрі жеке және мемлекеттік компаниялардың қарыздарына мемлекеттік кепілдіктерді пайдалануының нәтижесі болып табылады. Ол бюджет профицитін шегергендегі өткен жылдардағы тапшылықтың сомасына тең.

Exit mobile version