19-02-25 |
1250 рет қаралған
Қазақстанның ұлттық саябақтары былтыр 2,8 млн туристі қабылдады.
Қазақстанның ұлттық саябақтары былтыр 2,8 млн туристі қабылдады

2024 жылы еліміздің ұлттық саябақтарына 2,8 миллион турист барған. 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда саяхатшылар саны 18%-ға өскен. 2023 жылы ұлттық саябақтар 2,4 миллион турист қабылдаған. Экотуризмге деген сұраныстың артуы еліміздің табиғи көрікті жерлеріне қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Туристер арасында Алматы маңындағы Іле-Алатауы, Шарын, Алтын-Емел және Көлсай көлдері сияқты ұлттық парктер кең танымалдыққа ие.

Туристерге ыңғайлы болу үшін елімізде 16 визит-орталық қызмет көрсетеді, оның 8-і ұлттық саябақтар аумағында орналасқан. Бұл нысандар келушілерге Қазақстанның табиғи мұрасымен жақыннан танысуға, сондай-ақ саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге көмектеседі.

Экотуризмді дамыту, оның ішінде визит-орталықтар мен глэмпингтер салу тек саяхатшылар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп қана қоймай, еліміздің ұлттық саябақтарының табиғи сұлулығын сақтауға да ықпал етеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.