Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқықтарын қорғады.
Атап айтқанда, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы «Астана-Петропавл» автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген. Ақылы учаске Көкшетау қаласы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының 304 шақырымынан басталады, алайда бірінші бақылау аркасы 309 шақырымда орналасқан.
Пайдаланушыға ақылы автомобиль жолына кірген кезде және бақылау аркасы арқылы өту кезінде жол операторының жария шартының талаптары қолданылатынын атап өткен жөн.
Мұндай жағдайларда кәсіпкерлік субъектісі үшін 5 км жол жүрудің құны 50 км-ге тең болды.
Прокуратураның араласуымен автожолдың көрсетілген учаскесінде шамамен 3,5 млн теңге сомаға 605 бизнес субъектісіне жол жүру үшін есептелген сома жойылды, ал заңдылықты бұзуды жою мақсатында жол өлшеу жүйесінің жұмысы қайта қаралуда.
Сонымен қатар, прокуратура елді мекендердің тұрғындары үшін «абоненттік төлем» енгізу мәселесіне бастамашылық жасады, ол профильді министрлікте қолдау тауып келісу сатысында.