12-04-24 |
9880 рет қаралған
Қоғам белсенділері халықтан қаржы жинауды тоқтатқан жөн- саясаттанушы.
Қоғам белсенділері халықтан қаржы жинауды тоқтатқан жөн- саясаттанушы

Саясаттанушы Бейбіт Қазыбеков қазіргі елдегі су тасқыны баршаны алаңдатып отырғанын мәлімдеді. Мамандар кейбір облыстар бұл табиғи апаттың шарықтау шегінен әлі өткен жоқ деген болжам жасауда. Сондықтан бар күшімізді біріктіріп, су тасқынына ел болып төтеп беріп жатырмыз.
Осы ретте айта кететін жайт әртүрлі деңгейдегі қоғам белсенділері халықтан қаржы жинауды тоқтатқан жөн деп ойлаймын.
Олай дейтін себебім, қазір
өңірлерде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты күллі қоғам Президенттің маңайына топтасып үлгерді.
Үкімет мүшелері, мәжіліс депутаттары, саяси партиялар да су басқан аудандар мен ауылдарда жүр. Олар Үкіметпен және жергілікті билік органдарымен бірге су тасқынына қарсы қолға алынған шараларға атсалысуда. Зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан көмек көрсету мәселелерін бақылап жүр. Сонымен қатар, гуманитарлық жүктерді жеткізуді ұйымдастырып, волонтерлердің жұмысын үйлестіріп жатыр.

Қазір ел бойынша барлық күш, барлық ресурс су тасқынын еңсеруге бағытталып отыр. Қазақ қашанда бір-бірін қиын кезде жалғыз тастамаған. Осы жолы да ел үкіметі тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен бірге болады.
Ақша жинап елге болысқан дұрыс әрине. Осы жерде жекелей адамдардың (желі және қоғам белсенділері, блогер, ) есеп шоттарына емес, арнайы ашылған қоғамдық ұйым секілді жауапты мекемеге аударған заңдырақ.

Сондықтан да елден олай қаржы жинау дұрыс емес деп ойлаймын. Ақша жүрген жерде түсінбеушіліктер орын алмасы үшін, ортақ жерге топтастырған абзалырақ.
Құдайға шүкір, біздің үкімет жеткілікті мөлшерде көмек көрсетіп жатыр. Көрсетіліп жатқан көмек мұнымен тоқтап қалмайды. Қазіргідей қиын қыстау кезеңде жан-жаққа тартпай елдің ынтымағына жұмыс істеу керекпіз. Біз жұдырықтай жұмылып жұмыс істесек кез-келген қиындықты артта қалдырамыз. Елдің татулығы мен ынтымағы ажырамасын. Алға, Қазақстан!

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.