arasha.kz

Қоқыс жинап, тегін тамақтан…

Белсенділер халықты экоакцияға тартудың ерекше жолын тапқан сыңайлы. Алматы қаласы Туризм басқармасы Almaty Tourism Bureau-мен бірлесіп «Қоқыс жинап, түскі асты тегін ал» деген ұранмен тұрғындарды тауды тазартуға шақырып жатыр.

Аталған акция 30 сәуір күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін «Аюсай» мен «Горельник» визит-орталықтарының аумағында өтетіні айтылған.

Акция «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтіп жатыр. Шара жергілікті тұрғындар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристердің сүйікті демалыс орнына айналған Іле Алатаудың бірегей табиғатының тазалығын сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ іс-шараға қатысу үшін ыңғайлы қорғаныс киімі мен аяқ киім, бас киім, ауыз су, күннен қорғайтын көзілдірік пен крем алу керектігі ескертілген.

Exit mobile version