Allur Қостанай асыл тұқымды жылқысын сақтауға және өсіруге бағытталған іргелі іспен айналыса бастады.
Қазір Қостанай әкімдігімен бірлесіп ат клубын салу, Қостанай жылқы тұқымын сақтау, сондай-ақ ипподром мен жабық манеж салу үшін Қостанай маңында 10 гектарға дейінгі жер учаскесін бөлу және ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш айдан бері біз штат-адамдар тобын құрдық, спорттық жылқы шаруашылығының біліктілігіне сәйкес Қазақстан бойынша Қостанай тұқымды жылқылардың генотиптері мен қанына күнделікті талдау жүргізіліп отыр.
Кәсіпорынның миссиясы – халықаралық тізімдегі жалғыз отандық Қостанай жылқы тұқымын сақтау, асыл тұқымды айғырлар мен биелерді шығару, асыл тұқымды ядро-тек қорын құра отырып, асыл тұқымды сынақтарға қатысуға, халықаралық деңгейге шығып, ғылыми – селекциялық жұмыстарды жүргізуге қол жеткізу.
Жылқы шаруашылығының мақсаты – жылқы өсірушілердің, жаттықтырушылар мен берейторлардың біліктілік деңгейін арттыру; жас жылқының дұрыс дайындығын насихаттау, сондай-ақ Қостанай тұқымды жылқыларды ат спортында пайдалануды насихаттау, жылқылар мен айғырларды баптап, өсірушілерді жұмыс қабілеттілігі бойынша бағалау, спорттық шеберлік деңгейін арттыру, үздік шабандоздар мен селекционерлерді жыл сайын ынталандыру болмақ.
Бүгінгі таңда Қостанайлық жылқы тұқымының 50 басын жылқысы сатып алынып, осы жылқының тек қорын 400 басқа дейін ұлғайтумен жұмыс жүргізілмек.
Шаруашылықтың ауданы мен көлемі, мал басы есептілініп, жемшөп базасы құрылды. Сондай-ақ ат әбзелдері дайындалып, дәрі-дәрмектер қоры жасақталып, ветеринарлық емхана ашылмақ.
Қостанай асыл тұқымды жылқы шаруашылығын жандандыру үшін алдағы уақытта жылқыларға арналған мамандандырылған ветеринарлық клиниканың құрылысын Франция мен Польша мамандары жасамақ.
Жылқы шаруашылығының негізгі бағыты – олимпиадалық түр – конкур, классикалық – галоп, Ұлттық, соның ішінде Ұлы дала жорығы марафонының бағыты, халықаралық жүгірістерге қатысу үшін лицензия алу, иппотрерапия.
Мәселен, қазірдің өзінде Қостанай тұқымды жылқыларды күтіп-бағу жоспары жасалды. Осы жоспар аясында Қостанай тұқымын сақтау қоры құрылды. Енді жылқы шаруашылығы институтын құру, кадрлар даярлау (ат тағалаушылар, жаттықтырушылар, шабандоздар) мәселесі тұр.
Сондай-ақ, Қостанай тұқымы айғырларының тұқым банкін құру мақсатында асыл тұқымды айғырлардың тұқымын биотехнология және криоконсервациялау және қолдан ұрықтандыру зертханаларын құру да кезек күттірмес іс.
Ал республикалық жарыстарға қатысу және тұқым атағын қалпына келтіру үшін жылқылардың жұмысқа қабілеттілігін арттыруды қалпына келтіру жұмыстары «Этноспорт» қауымдастығымен және жылқы тұқымы зауыты бойынша республикалық палатамен жұмыс жүргізіледі.
фото: kstnews.kz/