arasha.kz

Қостанай облысында бизнес пен бюджеттік ұйымдар үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

«Рудный Энерго компаниясы» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт-қа 35,34 теңгеден 29,48 теңгеге дейін 17% – ға және бюджеттік ұйымдар үшін 1 кВт-қа 72,43 теңгеден 69,13 теңгеге дейін 5% – ға (ҚҚС есептемегенде) төмендету туралы хабарлама берді.

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҚР ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдалдық құрылымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүргізді.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (Облыстың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Рудный Энерго компаниясы» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерде талқыланатын Қостанай облысы Рудный қаласы мен Қашар кентінің заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының «Рудный Энерго компаниясы» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Туындаған сұрақтар бойынша «Рудный Энерго компаниясы» ЖШС-не жүгінуге болады:

✔ Заңды тұлғалар үшін:

– Рудный қ., Горняков көшесі 78

 тұтынушыларға арналған телефондар: 8 714 31 4 43 18;

                                                                            8 714 31 4 48 96.

Exit mobile version