Қостанайда жеке тұрғын үйде төтенше жағдай орын алып, жеті адам үйінді астында қалды.
«Амангелді елдімекенінде болған төтенше жағдайдан жеті адам үйінді астында қалды. Оқиға 11 желтоқсанда сағат 12:36 Энергетиктер көшесі 1 мекенжайында болды», – делінген хабарламада.
ТЖД мәліметі бойынша, үйде газ-ауа қоспасы пайда болып, бір қабатты ғимарат қираған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылған.