12-06-24 |
4650 рет қаралған
ҚТЖ дефольт алдында тұр. Смайылов ұлттық тасымалдаушыны сынға алды.
ҚТЖ дефольт алдында тұр. Смайылов ұлттық тасымалдаушыны сынға алды

Жоғарғы есеп палатасының басшысы Әлихан Смайылов ҚТЖ-ны тиімсіз жұмыс істеп жатыр деп сынады. Оның айтуынша, компания қалт-құлт етіп әрең тұр.

Мәжілісте ол тексеру қорытындысымен бөлісті. Оның айтуынша, автомобиль және темір жолдарды күтіп ұстау саласында барлығы 29 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталған. Бюджет ақшасын тиімсіз жоспарлау және пайдалану 168 млрд теңгеге бағаланды. Экономикалық шығын мен жоғалған пайда 307 млрд теңгені құрады. Бес материал құқық қорғау органдарына, тағы 117-сі әкімшілік жауапкершілікке жолданған.

Смайыловтың айтуынша, соңғы төрт жылда теміржол саласын дамытуға екі триллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, оның 332 миллиарды бюджет қаражаты. Бірақ бұл ресурстар жеткіліксіз болып шықты.

УПА басшысы теміржол желілерінің, локомотивтер мен вагондардың тозуы жоғары екенін атап өтті. 2020–2023 жылдар аралығында негізгі, стационарлық және кірме жолдарда төрт мыңнан астам жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу фактілері тіркелді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.