Оның айтуынша, ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір айтпауы керек.
«Біз салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызға қайшы келетін ақпараттарды таратуды шектеуіміз керек. Кейбір келіншектер өз әкесін мақтайды, сонымен бірге қайын атасы мен енесін жамандайды. Ал ажырасқанда әлеуметтік желіге өз пікірлерін жазады. Олар үлгі емес. Олар қайын аталарына қысқа шалбар киме, ал енелер орамалын басынан шешпесін дейді», — деді министрлер кабинетінің төрағасы.
Айта кетейік, Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың аяғында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны 13 мың 104 адамды құрады. Оның 95 пайызы әйелдер.