arasha.kz

Қытаймен шекарада қазақтың үні шықпай тұр

Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаты Берік Дүйсембинов Қытай, Өзбек, Ресей елдері арасындағы шекараға жақын орналасқан кейбір аумақтарында қазақстандық не теледидар, не радио, не интернет ұстамайтын жерлер бар екенін айтып, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне депутаттық сауал жолдады.

«Мысалы, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының Қытай шекарасына жақын орналасқан кейбір аумақтарында қазақстандық не теледидар, не радио, не интернет ұстамайтын жерлер бар. Бірақ, Қытай жақтан қазақ тілінде радио сайрап тұрады.. Ал шекара маңындағы жергілікті халық тек қытай радиосын тыңдауға мәжбүр.

Тағы бір мысал келтірсек,  Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына табан тіреген кез-келген азаматтың телефонына әп сәтте-ақ «Добро пожаловать в Китай! Пользуйтесь выгодными тарифами в роуминге!», «Activ приветствует вас в Китае! Пользуйтесь выгодными тарифами в роуминге» сипатты хабарламалар келіп түседі де, ізінше телефоныңыздағы Нұр-Сұлтан уақыты дереу Қытай уақытына өзгереді екен.

Осыған ұқсас жағдай, Өзбек және Ресей шекарасының маңында да кездеседі» дейді Дүйсембинов депутаттық сауалында.

 

Exit mobile version