arasha.kz

Ресей елімізде ЖЭС салуды биыл бастайды

Бұл мәселеде тараптар үлкен жетістіктерге жетті, деді Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев. Қазақстанда үш жылу электр стансасын ресейлік «Интер-РАО» компаниясы салатыны айтылды.

«Көкшетау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізілуде. Біз құрылысты биыл бастау мүмкіндігімен үлкен ілгерілеушілік туралы айтып отырмыз. Қалған жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталуда: техникалық шешімдер бекітіледі, тиісті зауыттардан құрал-жабдықтарға тапсырыс беріледі», – деді министр үкіметте өткен брифингте.⠀

Exit mobile version