arasha.kz

Ресей тұрғындары такси жүргізетін тәжіктерге бойкот жариялады

Ресей тұрғындары такси жүргізетін тәжік ұлтына бойкот жариялады. Клиенттер мен жүргізушілер арасындағы диалогтардың скриншоттары Telegram арналарда жарияланды.

Жазылушылардың бірі Крокустағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылардың дәл осы мақсатқа қол жеткізгісі келетінін атап өтті, яғни елдегі ұлтаралық шиеленісті күшейту.

Еске салайық, 22 наурыз күні кешке Мәскеу түбіндегі «Крокус Сити Холл» ойын-сауық кешенінде автоматпен қаруланған адамдар келушілерге оқ жаудырып, ғимаратты өртеп жіберген болатын. Шабуыл кезінде кем дегенде 137 адам қаза тапты.

⠀Қауіпсіздік күштері жауап алу кезінде тәжік тілінде жауап берген төрт айыпталушыны ұстады. Осыдан кейін Ресейде Тәжікстан азаматтарына шабуыл жасау фактілері жиілеп кеткені хабарланды.

Exit mobile version