2024 жылдың мамыр айының соңында өзін «кинетиканың негізін салушы» деп жариялаған ресейлік коуч Валентин Шишкин тренингпен Алматыға келмек. Қазақстандықтарға тарататын Instagram-дағы жарнамасында ол «әйел ретінде» табысқа жете алмаған әйелдерді ашық сынаған.
Айта кетейік, Шишкиннің психология мамандығы бойынша дипломы жоқ. Бірақ ол «Кинетикалық кескін мектебінің» негізін салушы және адам қозғалысы туралы ғылым ретінде кинетиканың негізін салушы, «Кинетикалық кескін» тұжырымдамасының авторы. Ол өзі туралы осылай жазады. Сонымен қатар, Валентин Шишкиннің 24 жылдық тәжірибесі бар бизнес-тренер екені белгілі. Ол өз клиенттерінің арасында көптеген атақты адамдар бар екенін айтады.
Instagram-дағы жарнама видеода Валентин Шишкин қазақ әйелдерін өз курстарына шақырады. Бұл ретте ол тек әйелдерді ғана емес, ерлерді де сынайды.