Біз
әлеуметтік
желіде
22-05-25 |
90 рет қаралған
Ресейде іздеу жарияланған шешен белсендісі қазақстандықтардан көмек сұрады.
Ресейде іздеу жарияланған шешен белсендісі қазақстандықтардан көмек сұрады

Шешен белсендісі Мансур Мовлаев Қазақстан халқына және шешен еліне ашық хат жолдап, өзін Ресейге экстрадициялаудан қорғауды сұрады. Ол Шешен билігін сынағаны үшін отанында экстремизм бабы бойынша федералдық іздеуде жүр. Қазіргі таңда Алматыда ұсталып, 40 тәулікке уақытша қамауға алынған.

Адвокат Мұрат Адамның айтуынша, Мовлаев егер Шешенстанға қайтарылса, өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сол себепті қорғаушылар оған Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрамақ. Өз сөзінде Мовлаев:
«Кеше менің ата-бабамды құтқарған Қазақстан бүгінде менің өліміме себепші болмаса екен» – деп, ел халқынан қолдау сұрайды.

Бұған дейін Мовлаев Шешенстанда бауырлары — Зелимхан мен Хамзаттың ұрланғанын, бұл арқылы оған қысым көрсетілгенін мәлімдеген.

2020 жылы Ресейде ол есірткіге байланысты айыппен сотталған, бірақ шешен белсенділері істің қолдан ұйымдастырылғанын айтады. 2022 жылы түрмеден шыққан соң оны қуғындау жалғасып, ол Қырғызстанға қашып барған. Алайда ол жақтан да Ресейге экстрадиция қаупі туындап, елден кетуге мәжбүр болған.

Қазір Мовлаев Ресейде экстремизм бабы бойынша іздеуде.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.