Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Жаңа жыл республика төрінде» республикалық шырша тойы өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам бала қатысты.
Шырша салтанатына қатысушылардың ішінде он жасар Малика Мұхамеджанова да бар. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Смирново ауылындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушысы бұл шара үшін арнайы өз қолымен 100 тірі раушан гүлінен сәнді көйлек тігіпті.
«Бүгін бәрі ертегідей. Мені бұл көрініс аса таң қалдырды. Барлығы сондай сәнді, мен де бүгінгі салтанатқа орай өзіме әдемі көйлек тіктім. Мереке үшін рахмет!», – дейді Малика.
Отбасы үлгісіндегі балаларды қолдау орталығының тәриеленушісі, Маңғыстау облысынан келген Виктор Бояркин Президенттен шақырту алғаны үшін алғысын білдірді. Үшінші сынып оқушысы каратэмен айналысады және домбырада ойнайды.
«Шырша тойына қатысқаным үшін аса қуаныштымын. Оның үстіне бізге көптеген сыйлықтар берілді. Осындай шексіз қуаныш сыйлаған Президентке және барша қатысушыларға рахмет айтамын», – дейді ол.
Шыршаға шақырылған балаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Құттықтау хат табыс етілді.
«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!», – деп жазды Президент балаларға арналған құттықтауында.
Балалармен бірге шырша шамын еліміздің бас педагогі Ғани Бейсембаев жақты.
«Бүгін өздеріңіз сынды 6 миллионнан астам бала Жаңа жыл мерекесін тойлауда және республикамыздың 20 өңірінен жүздеген бала осы Президент шыршасына қатысып, үлкен мерекелі тойды бірге өткізудеміз. Жалпы сіздер осы үш күн бойы әсем қаламыз Астананың ең көрікті жерлерін араладыңыздар. Оның ішінде тәуелсіздік символына айналған Бәйтерекке де бардыңыздар. Мемлекет сіздердің бақытты балалық шақтарыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Ендігі жерде, құрметті жас достар, сіздер де сабақтарыңызды беске оқып, саналы тәрбие алып, осы елдің беделді, мықты азаматы болып өсулеріңізге барлық мақсат-мұраттарыңызды арнауға тиіссіздер», — деді Оқу-ағарту министрі.
Балалар үшін елорданың үздік шығармашылық ұжымдарының 400 әртісі мерекелік көңіл-күй сыйлады, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері «Күлбикеш» спектаклінің қойылымын тарту етті. Балалар қазақстандық атақты әртістер Маржан Арапбаева, Қарақат Әбілдина, Ержан Максиммен шыршаны айналып ән айтып, би биледі.
Шара соңында барлық қонақтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
«Отты Самұрық құсы» шебер қолдар туындысы
Самұрық құстың басы алюминий сымнан, мегаплекстен, фоамираннан, ленталы паеткадан, сәндік тастардан, алтын түсті картоннан жасалған.
Самұрық жұмыртқасы гельді шардан, мегоплекстен, сәндік тордан және құрғақ алтын жалтырақтан жасалған.
Құстың қанаттары – үш өзекті сымнан, теплофлекстан, түрлі-түсті фоамереннан жасалған.
Көйлек партча матасынан, шілтерлі торлы материалдан, фоамираннан, қауырсындардан, сәндік тастардан тігілген.
Гетерлер сәндік тордан, жылтыр лентадан, ою-өрнектен жасалған.
Самұрық – қазақ мәдениетінде де, халқымыздың тарихында да елеулі орын алатын мифтік құс.
Аңыздарға сүйенсек, самұрық жұмыртқасынан қайта туылу мүмкіндігі бар құс, бұл біздің киіміміздің маңызды атрибуттарының бірі болып табылады. Самұрық жұмыртқасы қайта жандануды және болашаққа деген үмітті білдіреді.
Өзінің символдық күшімен самұрық құсы Қазақстанның мәдени және рухани ландшафтына сән беріп, байытады.
Ол әдемі қауырсындардан жасалған алтын төбемен безендірілген сұлу да, әдемі басын жоғары ұстап, сол сұлулығын мақтанышпен көрсетеді.
Бұл жерде құстың басы – қазақ халқының ғасырлар бойы алып келе жатқан даналығын бейнелейді. Ол жарық, отты қанатын әлемге, күнге кең аштынын айқындап тұр. Құстың қанаты – біздің байтақ еліміздің ұлан-ғайыр кеңістігінің бейнесі. Самұрықтың құйрығы отты соқпақтай созылып, алтын сәулелермен жарқырап, күн нұрын шашып тұрғандай, халқымыздың тарихи жадын бейнелейді.
Қазақ халқында Самұрық құсы – барша тіршілік иесіне нұр мен жылу, өмір мен үміт сыйлаудың символы!
Туындының авторы Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы «Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия» КММ 6 «а» сынып оқушысы Акпанова Сания, жетекшісі Балымова Ақерке Қазбекқызы.