Белгілі айтыскер, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов айтқанымнан қайтпаймын деп отыр.
– Бәріне дайын болып келгемін. Қандай да бір өзімнің тарапыма айтылатын сөз, басқасына, мен толық дайын келген адаммын. 20 жыл сахнада жүргенде де, тіпті 2019 жылғы сіздер білетін оқиғалардан кейін де, барлығынан өткемін. 2011 жылы айтыстан алып тастайтын кезде де барлығына дайын болғанмын. Иммунитетім бар – дейді депутат.
Ол өзіне қарсы айтылған пікір, әрекеттер айтқанынан бас тартпайтынын ескертті.
– Мені ондай әрекеттер, айтылған сөздер жолымнан тайдырып, айтқанымнан қайтарады деген жаңсақ пікір. Бізде елдің жағдайы бар. Нақты. Соны жеткізу – біздің тікелей міндетіміз – дейді Ринат Зайытов.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Ринат Зайытов алаяқтық жасайтындардың 80 пайызы намаз оқитындар деген сөзі үшін басы дауға қалған болатын.
Arasha.kz
ФОТО: azattyq-ruhy.kz
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024