Әлеуметтік желіде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың үлкен жиында қазақша баяндама жасап жатқан видеосы тарады.
Белгілі болғандай бұл осы жылдың 2 шілдесі күні Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесіндегі бас қосу болған.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР-дағы электр энергиясын ірі өндірушілердің бірі – қытайлық China Datang Corporation Ltd компаниясы өкілдерімен кездесіп, олардың алдында қазақ тілінде сөйлеген.
Талқылау барысында Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің энергетика саласын дамыту, оның ішінде инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті. Электр және жылу энергетикасында жаңа қуаттар енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды.
Бұл ретте желі қолданушылары оның іскерлік топ алдында таза қазақша сөйлегенін таңданыспен қабылдаған. Ал бұл вице-премьердің Қытай еліне жасап отырған алғашқы сапары емес және ол әр дипломатиялық кездесуде баяндамасын тек қазақша жасайды.
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024