12-05-22 |
890 рет қаралған
Сәбит Шонтақбаев: Мұны мен ерлік, мақтаныш тұтпаймын.
Сәбит Шонтақбаев: Мұны мен ерлік, мақтаныш тұтпаймын

 

Астана қаласында 3 жасар баланы құтқарған Сәбит Шонтақбав пен Сағи Жылқышиевтың ерлігі дүйім жұртты тәнті етіп жатыр. Осы оқиғадан кейін G-парк құрылыс компаниясы Сәбитке үш бөлменің пәтерін сыйласа, одан кейін іле шала Сағида екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Arasha.kz тілшісі қос азаматпен сөйлесіп, оқиғаның қалай болғанын білді.

– Сәбит, ерлігіңізге дүйім жұрт дән риза болып жатыр. Оқиға қалай болды?
– Таңғы сағат 10:00-дің шамасында Самал-2 көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерден шығып, жұмысқа бара жатқан едік. Біз тұрған үйдің 6 кіреберісінде кішкентай баланың жылап жатқан даусына елеңдеп біраз халық тұр екен. Содан біз кішкентай баланы аман сақтап қалудың амалын қарастырып, көмектестік.
– Баланы қағып алғанда бір жері зақымданған жоқ па?
– Алла сақтап бала ешқандай жарақат алған жоқ.
– «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші баланы құтқарып жатқанда өзіңіздің де өміріңізге қауіп төнуі мүмкін еді ғой. Сізде ондай қауіп, қорқыныш болды ма?
– Ол кезде бойымда қорқыныш сезім болған жоқ. Бар мақсатым кішкентай нәрестені аман алып қалу болды. Ол жерде өзіме қауіп төніп тұрса да мен оған қараған жоқпын. Ең басты мақсатым баланы аман есен алып қалу болды.
– Өзіңіздің отбасыңыз, ата-анаңыз туралы айтсаңыз…
– Ата-анам Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында тұрады. Өзім Қызылорда қаласында әйеліммен 4 баланы тәрбиелеп отырмыз. Мен негізі Астана қаласына 15 күн бұрын жұмыс іздеп келіп, құрылыс саласында еңбек ете бастадым.
– G-парк құрылыс компаниясы 3 бөлмелі пәтердің кілтін береміз депті. Құтты болсын…
– Ойламаған жерден пәтерлі болып жатырмын. Үш бөлмелі пәтер мен қаржылай көмек және Астана қаласы әкімі тарапынан да қолдау көрсетіліп жатыр. Негізі бұлай болады деп еш ойлаған жоқпын. Мұны мен ерлік, мақтаныш тұтпаймын. Бұл әр ер азаматтың азаматтық борышы деп білемін. Біз балалар үшін өмір сүріп жатырмыз. Ол жерде үш жасар қызды өзімнің баламдай көрдім. Сондықтан ешқандай қорқынышқа бой бермей, баланы құтқаруға тырыстым.
– Баланың әке-шешесімен кездестіңіз бе?
– Баланың ата-анасын әлі көрген жоқпын. Анасы осындай жағдайды естіп, ауыр халге түсіп қалған болуы керек. Жедел жәрдем алып кетіпті. Сондықтан ол кісіні көре алммдым.
– Ол кісі үйде болмаған ба?
– Иә, ол кезде үйде болмаған. Жұмыста болған болуы керек. Нақты ол жағын білмеймін.
– Әскерде болыңыз ба? 7 қабаттың терезесіне шығып, баланы құтқаруға физикалық қуат керек қой…
– Иә, мен әскерде болғанмын. Одан кейін Қызылорда облысының шекара қызметінде келісім-шарт бойынша жұмыс істегедім.
– Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов локоматив зауытына жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтыпты. Алайда сізге аталған саладан қарағанда құтқару саласында қызмет еткен жөн секілді…
– Енді ол жағын ойлану керек. Өйткені менің Қызылорда облысында отбасым бар. Оларды беріліп жатқан пәтерге орналастыруым керек.

P.S.

Сәкеннің жанында баланы құтқарған Сағи Жылқышиевпен сөйлестік. Оған «Әлеуметтік желіде «Сағиға да пәтер берілу керек» деген пікірлер жазылып жатыр. Бұл туралы естідіңіз бе?» деп сұрақ қойды. Ол Бұл туралы естімедім. Бірақ көмек беріліп жатса қарсы болмаймын» деп күлді. Осы әңгімеден кейін 1-2 сағаттың шамасында Сағиға 2 бөлмелі пәтер берілгені жарияланды. Осылайша қос азамат бір күнде ойламаған жерде пәтерлі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.