Біз
әлеуметтік
желіде
17-06-25 |
270 рет қаралған
«Самұрық-Қазына» басшылары бір жылда шамамен 7,7 млрд теңге алған.
«Самұрық-Қазына» басшылары бір жылда шамамен 7,7 млрд теңге алған

Бұл сыйақының басым бөлігі еңбек шарттарымен белгіленген жалақы шығындары мен операциялық нәтижелерге қол жеткізуге байланысты төлемдерден тұрады.

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сәйкес, ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» және оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 2024 жылы шамамен 7,7 млрд теңге табыс тапқан.

– Қордың және оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінен құралған негізгі басқарушы қызметкерлерге төленген сыйақының жалпы сомасы 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде 7,687 млрд теңгені құрады (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша – 7,649 млрд теңге), – делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының шоғырландырылған қаржылық есебі бойынша тәуелсіз аудит есебінде.

Сыйақы көлемі негізінен еңбек шарттарымен бекітілген жалақы мен операциялық нәтижелерге жеткені үшін берілетін түрлі төлемдерден тұрады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.