arasha.kz

Санитар мамандар ауызашарды тек отбасы мүшелерімен өткізуді ұсынды

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова астаналықтарды Ораза кезінде карантиндік талаптарды сақтауға шақырды.

«Біздің қоғам үшін маңызды қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Біздің елдің көп азаматтары үшін бұл діни мерекенің орны бөлек. Осы орайда азаматтардан Ораза кезінде түсіністікпен қарап, каратин талаптарын сақтауға шақырамыз. Әрине біз азаматтарымыздың діни сеніміне құрметпен қараймыз, дегенмен коронавирус індетінің қаупі жойылмай отыр, ол бәріміз үшін қауіпті. Карантиндік талаптарды сақтауға шақыра отырып, тұрғындардан адам шоғырланатын іс-шаралар өткізуден бас тартуға шақырамыз. Оның ішінде үйде өтететін іс-шараларда бар. 65 жастан жоғары кісілер сол бұрынғысынша тәуекел тобында қалып отыр.

Сондықтан да Рамазан айы кезінде ауызашар рәсімін тек отбасы мүшелерімен ғана өткізу ұсынылады. Пандемия кезінде арақашықтықты ұстану маңызды екенін естен шығармаңыздар», – деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус індетінің таралу жағдайына келсек, соңғы 12 күннің ішінде бұл көрсеткіш орта есеппен 1,2 пайызға сақталып отыр. Соңғы тәулікте 578 бастапқы жағдай тіркелді. Симпомы бар 404 жағдай, симптомсыз 174 жағдай.

Соңғы аптадағы сырқаттануылық көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 23 пайызға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 249,6-ны құрады.

Еске сала кетейік, биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады

Exit mobile version