Танымал экономист Айбар Олжаев еліміз неліктен АЭС салғалы жатқанын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Оның айтуынша, атом энергетикасы бойынша барлық тараптарға зер салып, ортақ шешім керек. Тұжырымдар түрлі, шешім ортақ болады.
«Жел, күн энергиясы бойынша. Қазақстан бұл бағытты жақсы дамытатыны анық. Жеке инвестициялар да көп келіп жатыр. Табиғи таза энергия көзі шынымен-ақ қауіпсіз әрі әлдеқайда үнемді болуы да мүмкін. Онда бізге АЭС не үшін керек? Энергетикадағы генерация екіге бөлінеді. Тұрақты және маневрлі. Тұрақты энергия – база болып табылады. Қазір бізде ол көмір. Яғни, 24/7 су, күн, жел болсын, болмасын тоқтамай тоқ беріп тұратын қайнар көз. Біз осы көмірді атомға ауыстырғымыз келеді», – дейді ол.
Оның айтуынша, енді осы базаның үстіне маневр қосылады. Олар күн, жел, су электр станциялары. Бұл құбылмалы генерация, яғни табиға жайғдайға байланысты тоқты бірде көп, бірде аз беріп отырады. База мен маневр қосылып, біздің электр кеңістігімізді құрайды.
«АЭС салынса, ол жел мен күн энергетикасы тоқтап қалады дегенді білдірмейді. Керісінше, біз жоспарлайтын АЭС қазіргі Екібастұздағы көмір ГРЭС-інен тоқты аз беретін болғандықтан, бізге екі есе белсенді күн мен жел энергетикасын дамыту керек болады», – дейді сарапшы.
Бүгіннен бастап Эквадорда кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін 8 сағатқа жарық өшірілмек. Эквадор өзінің энергия жүйесін су электр станцияларына негіздеген болатын. Қазір Эквадорда соңғы 60 жылда болмаған құрғақшылық орнап, өзендер тартылып қалған. Сол себепті негізгі су электр стансалары жұмыс істемей тұр.
Маневрлі генерация база бола алмайды. Бұл өте қауіпті. Күн мен жел атомды ауыстыра алмайды. Олар бірге дамуы тиіс. Шалбар мен костюм сияқты.
47 миллион тұрғыны бар Испанияда 5 атом стансасы бар. Бұл ел 10 жылдан бері атом энергетикасын пайдаланып келеді. Атом энергетикасы бойынша зерттеулер жарты ғасыр бұрын басталған Түркия елінде де АЭС өндірісінің өрісі кең екеніне назар салайық.
«Жаһандық жылыну мәселесін шешу үшін атом станцияларының санын кем дегенде үш есе арттыру қажет. 1200-ден астам АЭС-ті іске қосу арқылы әлемде климаттың өзгеруіне алып келіп жатқан парниктік газдардың бөлінуіне тосқауыл қоюға болады».
Бұл Түркияның энергетика, ядролық және тау-кен зерттеулері кеңесінің вице-президенті Уғур Чевиктің пікірі.
Популизмге бой алдырған заманда, кімнің дауысы қатты, ащырақ шығады, шындық сол жақта болып көрінуі мүмкін. Мамандар дауысы елеусіз қалып қалып жатады. Адам саны өсіп, электр тұтыну көбеюде. Мемлекет ертең әр үйде тоқ бола ма, соны қамтамасыз етуі керек. Көмірге қарсы әлемдік лобби күшейіп барады. Көмірді база қылмайсыздар деген талап қойылды. Сол үшін де назар атом энергетикасына бұрылған болатын.
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024