arasha.kz

Сауалнама: халықтың 70% Тоқаевты қолдайды

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі наурыз айтында қоғамдық көңіл-күйін талдау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізген. Сауалнамаға қатысушылардың 70% астамы президент Тоқаевты қолдайтындарын айтқан. Сауалнама интернет арқылы жүргізілген. Оған ірі қалалар мен аймақтардан 1863 адам қатысқан.

Зерттеудегі тағы бір дерек – сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (71,3%) оптимистік көңіл-күйде және алдағы екі жылда өзгерістер болатынына сеніммен қарайды.

«Бұл ретте респонденттердің жартысынан көбі (51%) Қазақстандағы өмірді жақсартуға деген өз үміттерін тікелей Президентпен байланыстырады. Сауалнамаға қатысқандардың 20,5%-ы Үкіметке, ал 15%-ы жергілікті атқарушы органдарға үміт артады, Парламенттің (Сенат, Мәжіліс) сенімі  –  14,1%.

Олар үшін ең маңызды құндылықты таңдағанда, респонденттердің көпшілігі бірінші орынға қауіпсіздікті қойды (60,2%). Сауалнамаға қатысушылардың 34,3%-ы үшін бұл – тәуелсіздік. Респонденттердің төрттен бір бөлігінен астамы үшін (27,2%) мемлекет тарапынан көмек ең жоғары құндылық болып саналады. Әділдікке 23,1%, бостандыққа – 22,5%, тәртіпке – 19,6% респондент дауыс берді», – делінген зерттеуде.

 

Exit mobile version